скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2017 жылы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Қ.Қожамжаров бекіткен Кешенді Жоспарды және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми бекіткен судьялар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және судьялық әдеп кодексінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, Алматы облыстық сотында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Сабырбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбына семинар-кеңес өтті.

Аталған семинарға мемлекеттік органдар, оның ішінде: Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаменті, Алматы облысы бойынша Ішкі Істер Департаменті, Алматы облыстық Прокуратура қызметкерлері және қорғаушылар одағы өкілдерінің қатысты.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы