скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

Мемлекеттік қызметші күні жан-жақты аталып өтілуде

Бүгін 2017 жылы 16 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай Талдықорған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесі» атты мемлекеттік кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені кітапхана директорының орынбасары М.Нұрғалиева ашып, көрмеге келушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көрмеге кітапхананың қалалық оқырмандары, мемлекеттік қызметкерлер мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қызығушылық пен қатысты. Кездесуде Департаменттің қызметкері бас маман Байзаков Диас Жаныбекұлы  төл мереке қарсаңында жасаған құттықтау сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары кезінде мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан танымал қайраткерлердің есімі тарихта ұмытылмайтындығын, осындай кітапханалардың өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде таптырмас рухани қазына екенін жеткізді. Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында облыс көлемінде бұдан бөлек түрлі шаралар қолға алынуда.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы