скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

29.08.2017 г.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРДАҒЫ КЕЗЕСУ

Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні қоғам қайраткерлерінің және Алматы облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мамандарының қатысуымен «Қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары» тақырыбында семинар жиыны болып өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айгерім Андасбаева Елбасы Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа кезеңін атап өткеніне, негізгі асымдықтың алдын-алу шараларына яғни, сыбайлас жемқорлық көріністерін тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға ауыстырылғанына ерекше тоқталды. Азаматтар үшін жүргізіліп отырған жұмыстардың басты тақырыбы: «пара алма және берме!» болуы тиіс деді.

Одан бөлек, азаматтық қоғамдастық  маңызды басымдықтардың бірі болып анықталып отыр. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру бойынша тәсілдерді дайындау азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп және БАҚ-та әлеуметтік желілерде жариялана отырып жүзеге асырылуы тиіс.  

Осындай жұмыс кеңінен жүргізілу керек. Өйткені, тұрмыстық жемқорлықты жеңбей және жоймай кез-келген ел тиімді әрі жылдам дами алмайды.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы