скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

2017 жылғы 16 маусымда бейнеконференц байланыс арқылы мәдениет саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Департамент басшысы С.Ө.Нұрғисаев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Омар, мәдениет саласының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев жүргізіп отырды.

Шара барысында «Мәдениет және өнер саласында органдар мен ұйымдар қызметтерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері туралы» тақырыбында Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының орынбасары Р.Төлебаев, «Мәдениет саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы» тақырыбында Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Б.Байханова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Вице-министрі А.Р.Раимкулова сөз сөйледі.

Бұдан өзге мәдениет саласындағы мәселелер туралы сөз қозғалып, қатысушылар ойлары ортаға салынып, талқылауға түсті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы