скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

15.09.2017 г.

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ДАМУЫ «ҰЛТ ЖОСПАРЫ – 100 НАҚТЫ ҚАДАМ»

Елбасы атап өткендей, қазіргі таңда «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту жұмыстары қолға алынған.

Мемлекеттік қызметкерлермен қазіргі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы семинар өткізу аясында Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев бүгін сағат 15:00-де Іле ауданына барды. Семинарға барлығы 150 мемлекеттік қызметші қатысты.

Іле ауданында жалпы саны 230 әкімшілік мемлекеттік қызметші бар. Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, кешенді аттестаттаудан ауданның 136 мемлекеттік қызметкері өтіп, оның қорытындысы бойынша 15 – жоғарылатуға ұсынылса, 120 – атқарып отырған лауазымына лайық деп танылып, 1 – атқарып отырған лауазымынан босатуға ұсынылған.

Семинар барысында С.Нұрғисаев мемлекеттік қызметтің кадр саясатының тиімділігінің көрсеткіштеріне тоқталып, елімізде «А» корпусы кадр резервіне іріктеу науқанының басталғаны туралы ақпараттық мәлімет берді. Сонымен қатар, Департаментпен атқарылған жұмыстарға яғни, мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларды атап өтті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы