скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

14.09.2017 г.

КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ - 15 ҚАДАМДЫ ОРЫНДАУ

Еліміздің алдына қойып отырған басты мақсаты - әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру реформасын жүзеге асыру мақсатында 15 нақты қадам белгіленді. Ондағы негізгі мәселелерге тоқталатын болсақ, сала мамандарын іріктеудің тәртібін күшейту, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы, «Мемлекеттік қызмет» туралы жаңа заң қабылдау және жалақыларды қызметтік нәтижеге байланысты өсіру, барлық мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, жемқорлыққа жол бермеу мәселелері нақтыланған.

Осы тақырыптар аясында бүгін сағат 16:30-да Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев Еңбекшіқазақ ауданынының орталығы Есік қаласында 188 жергілікті мемлекеттік қызметшілермен семинар өткізді.

Еңбекшіқазақ ауданында жалпы саны 380 әкімшілік мемлекеттік қызметші бар. Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, кешенді аттестаттаудан ауданның 264 мемлекеттік қызметкері өтіп, оның қорытындысы бойынша 36 – жоғарылатуға ұсынылса, 223 – атқарып отырған лауазымына лайық деп танылып, 5 – атқарып отырған лауазымынан төмендетуге ұсынылған.

Шара барысында «А» корпусы кадр резервіне қабылдау туралы нақты мәліметтер берілді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы