скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

08.09.2017 г.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам дамып келеді, атап өтсек, тәуелсіз БАҚ саны артып, оның 90%-ы жекелікте, 18 мыңнан астам түрлі салада үкіметтік емес ұйымдар (әрі қарай – ҮЕҰ) жұмыс атқаруда.

Даму жолындағы мемлекет үшін азаматтық қоғамның белсенді болып, қоғам мен адамдар атынан бақылауды күшейтуі маңызды.

Сыбайлас жемқорлықсыз ел болу үшін де азаматтық белсенділік танытуға, ойын жеткізіп, қызығушылығы мен қабілетін арттырып, құқықтарын қорғауға ат салылысатын ҮЕҰ – мен бірлесе жұмыс жасау ҚР Мемлекеттік қызметі сітері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) қызметінің басым бағыттарының бірі болып отыр.

Биылғы жылы Департаментке жалпы сомасы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бөлінді.

Оның ішінде биыл екінші рет қолға алынған «Азаматтық бақылау» жобасы, «LED-экрандарында бейнероликтерді жариялау», «Аудиороликтерді жариялау» сияқты лоттарды облысымыздың ҮЕҰ-дары ұтып алып, жұмыс жүргізуде.

Осыған орай, 2017 жылғы 28 тамыз күні Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Тоғызбаев Мұраттың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бірінші медиа орталық төрағасы Төлеген Байғұловпен бірге «Innovation-Koldau» қоғамдық қорының жетекшісі Айгерім Молдабаева қатысуымен «Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ үшін баспасөз мәслихаты өтті.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы